Қой өсіріп, кәсіп бастаймын деушілерге мемлекет тарапынан түрлі қолдау бар. Бұлар негізінен шағын несие алу үшін берілетін көмек. Мәселен: қазір қой шаруашылығын бастаймын дегенге «Алтын асық» бағдарламаласы сеп болады. Мал басы санын көбейткен шаруалар үшін төленетін субсидия тағы бар.

Меркі ауданынындағы «Қасапхана» шаруа қожалығы мемлекеттік бағдарлама арқылы қой алып, бүгінде ет бағытындағы жұмыстарды жандардыру үстінде. Шаруашылықтың негізгі жұмысы ет өткізу болғандықтан қазіргі уақытта аудан орталығына жақын жерден мал бордақылау кешені салынды. Мұнда 10 шақты ауыл тұрғыны жұмыс істейді. Олардың бірі қой бағады, екіншісі трактор жүргізушісі. Малшылар үшін мұнда үй салынып берілген. Электр жарығы мен таза ауыз сумен де қамтылып отыр.

Нұрбол ШАЙХИЕВ «ҚАСАПХАНА» ШҚ ЖЕТЕКШІСІ (Біз жаңадан жұмысты бастаған кезде талай қиындықтар болған. Бірақ, адал еңбектің арқасында аяқтан тұрдық. Қазір бірнеше адамды жұмыспен қамтып отырмыз)

Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір дейді шаруа. Өйткені, қой малы тез көбейеді әрі өнімді де көп береді. Мәселен: осыдан үш жыл бұрын 100 қойдан бастаған серіктестікте қазір мал басы саны 600 ден асып отыр. Шаруа қой басын әлі де көбейтетіндігін айтады. Себебі,  ұрғашыларын мал етеді, еркектері осында байланып етке өткізіледі. Қазір мал төлдеп жатқан уақыт. Биыл «Қасапхана» шаруа қожалығында 100 қойдан 97 бас төлден алынған. Оның ішінде төрт қозы туған қойлар да бар. Бұл Меркі ауданы бойынша рекордтық көрсеткіш болып отыр.

Жасұлан ҚАРЫМБАЕВ ЖҰМЫСШЫ (Жұмысымыз жақсы. Осында еңбек ету арқылы отбасымызды да асырап отырмыз. Қазір мал басы саны да артып келеді. Оның барлығы да еңбектің арқасы. Себебі, малды бақсаң ғана көбейеді)

Тілші: Жалпы, Меркі ауданы Жамбыл облысындағы ауылшаруашылығы жақсы дамыған өңір. Мұнда ет және сүт бағытындағы шаруашылықтарды дамытудың болашағы зор дейді сала мамандары.

Айбол ҚАРАШЕВ