Таразда мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық қоғамының ықпалымен қалалық және аудандық мемлекеттік қызмет өкілдеріне « Е қызмет» персоналды басқару ақпартататық жүйесінің маңызын кеңінен таныстыру мақсатында семинар – кеңес өтті.
«Е қызмет» жүйесі, бұл – дербес басқарудағы бірыңғай интеграциялық ақпарттық жүйе. Бұл жүйенің енгізілу орталық және аймақтық деңгейде мемлекеттік қызметшілер туралы толықтай кадрлық ақпаратты онлайн тәртібінде алуға, сондай –ақ қағаздық құжат айналымды азайтуға бағытталған.Естеріңізге сала кетсек, бұл ақпараттық жүйе 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген болатын. Бұл жүйенің мақсаты – мемлекеттік органдардың кадр қызметінің сапасы мен кәсіби біліктілікті арттырып, халықаралық тәжірибеге сәйкес мемлекеттік органдардың персоналын басқару.
Ғани Зияшев, «Е қызмет» ақпараттық жүйе басқармасының басшысы
Бұл ақпараттық жүйені барлық мемлекеттік органдар қолданып отыр. Мемлекеттік қызметкерлер арасында қанша адамда жоғарғы білімі бар деген үлкен сараптама жүргізген болатынбыз. Осы жүйенің арқасында 5 – 10 минутта бұл ақпаратқа қол жеткіздік. Қазіріг таңда 6700- ге жуық мемлекеттік орган бұл жүйені қолданып отыр.
Жаңа жүйеде мемлекеттік қызметшілердің кірісі мен шығысы көрініс табады. Бұл жүйе салық пен қаржы жүйелерімен тікелей ақпарат алмасады. Осы жүйеде басшылардың қарамағындағыларға қойған бағасы көрініп, баға басшылықтың парақшаларында болады. Сондай- ақ семинарда жүйенің проблемалық жақтары да қозғалды. Жұмыс барысында туындайтын қателіктерді болдырмау үшін, қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жанат Дәдібаева, Қордай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы
Аталған жүйе кадр мамандары үшін өте ыңғайлы жүйе. Өйкені бұрыңғы ескі жүйе бойынша өздеріңіз білетіндей, барлығы қағаз жүзінде жасалатын еді. Ал қазір осы жүйенің арқасында бәрін әлектронды түрде. Бұрынғыдай шкаф сөрелерінде шаң басып жатқан құжаттарды көрмейміз. Мен үшін бұл жүйе өте ыңғайлы.
Басты міндет – сапаны арттыру. Осы ретте қолданысқа жіберіліп отырған «Е қызмет» жүйесі мемлекеттік қызмет үшін атқаратын ісі орасан зор.
Әйгерім Бәшімова , Ғалымжан Есенбаев, «Жаңалықтар қызметі»