Таразда сервистік қызмет көрсету саласында қажетті жұмысшы мамандарды даярлау мәселесі форсайт-сессияда талқыланды. Басқосу Тараз сервис және технология колледжінде ұйымдастырылды. Шараға жоғары оқу орындары мен өндіріс орындарының өкілдері, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар қатысты.