Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың көптігі педагог – психологтардың аздығынан. Бұл қалай десеңіз, өткен жылы құқықтық кеңестердің шешімдерімен мектеп Жарғысы мен ішкі тәртіп Ережелерін бұзған 490 оқушы мектепішілік есепке қойылған. Ал, олармен жұмыс істеуде психологтардың жетіспеуі себеп болып отыр екен. Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов қатысқан жиында осы тақырып өзекті болды.