Бүгінде аймақта 339 мың отбасы, яғни 1,2 млн халық тұрады. Олардың қатарында кедейлік шегінен төмен, жағдайы төмен жанұялар да бар. Облыс әкімдігінің бір міндеті дәл осындай шаңырақтардың санын азайту. Ол үшін облыста жұмыс топтары мен арнайы штабтар құрылған. Алайда, бұл бағытағы жұмыстарды әлі де күшейту қажет дейді бүгін әкімдікте өткен жиында жауапты басқарма өкілдері.