Әйел-ана. Ол бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Сондықтан олар қандай құрметке болсын лайықты. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының басшысы Дауыл Бейсенқұлов Тараздағы көпбалалы және тылда еңбек еткен аналардың үйіне арнайы барып, құттықтап сый-құрмет көрсетті.