Елімізде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде мемлекеттік жеке-меншік әріптестікті дамыту жұмыстары жалғасуда. Бұл бағытта ваучерлік қаржыландыру әдісі қолданылады. Қазіргі таңда бұл жүйе бірнеше қалада пилоттық жоба ретінде іске асуда. Оның ішінде Тараз қаласы да бар.