Жамбыл облысында 11 айдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 104,1 пайызды құрады. Өңірдің өңдеу өнеркәсібі әзірге тиісті көрсеткішке жеткен жоқ. Қант қызылшасының жоспарланған мөлшерде өндірілмеуінің салдарынан ауылшаруашылығы саласы да 95,3 пайызда тоқтап тұр. Есесіне, аймақта құрылыс қарқынды. Аппараттың кезекті отырысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысы қорытындыланды. Ербол Қарашөкеев жауапты басшылардан көрсеткіштерді арттыру тетіктерін сұрады.