Биыл Жамбыл облысында әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы сақталды. 11 айда өңірдегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі 0,8, құрылыс жұмыстары - 22,6 тұрғын үй - 3,5 пайызға артты. Жыл басынан бері 728 млрд теңгеге жуық өнеркәсіп өнімі өндірілді.
Ал 2025 жылы өңірге инвестиция тарту арқылы өнеркәсіп өнімінің көлемін 7%-ға, өңдеу өнеркәсібі өнімін - 5,5%-ға өсуін қамтамасыз етуге өңір билігі мүдделі. Осылайша, өңдеу өнеркәсібінің экспорты көлемін 200 млн. АҚШ долларына дейін жеткізу жоспарлануда.