Соңғы уақытта ұялы телефонды көп пайдаланудың кесірінен 70-80 пайыз жасөспірімдердің көзі нашар көреді. Бұнымен қоса олардың білім көрсеткіші де төмендеп кеткен. Сондықтан ағымдағы жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сабақта ұялы телефонды пайдалануды шектейтін заңға қол қойды.