Таразда «Адал жастар – парасатты қоғам кепілі» тақырыбында жастар форумы өтті. Бұл жиын Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған. Спикерлер өскелең ұрпақты жат әрекеттен аулақ болуға шақырып, жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен қоғам болып күресуге үндеді.