Облыс бойынша күздік жауапты науқанның бірі-қант қызышасын қазу аяқталып келеді. Биыл 11мың 200 гектар жерге егілген тәтті түбірдің 10 мың гектарға жуығы ы қазылып, 607 мың тонна өнім жиналды.

Өнімді қабылдап үлгере алмай жатқан Меркі қант зауытының маңынан облыс әкімінің нұсқауымен қосымша қабылдау пункті де іске қосылды. Дәл осындай пунктер ауыл маңдарынан да ашылып жатыр.