Қазіргі АЭСтерде апат болу ықтималдығы 10 миллион жылда біреу ғана. Ғалымдар теориялық тұрғыда осындай тұжырымға келіп отыр. Себебі, заманауи бірнеше сатылы қауіпсіздік технологиясы апаттардың алдын алуға мүмкіндік береді екен. Ал, өткен ғасырдың 70-жылдары салынған Чернобыль, Фукусима станцияларында ондай жүйе болмаған. Түркиядағы алып АЭС да ең соңғы технология бойынша салынып жатыр.