Еліміз күріш пен мақта алқабын өсіруді азайтып жатыр. Себебі, бұл өнімдер суаруды көп талап етеді. Бидай алаңы да 450 мың гектарға азайған. Мұның орнына, қызылша мен майлы дақылдардың егістік алаңы біршама артқан. Бұл үкіметтің талқылауында қаралған мәселе.

Ал, Жамбылдың егіс алқаптарында жиын-терін жұмыстары жүруде. Мәселен, бір ғана Сарысу ауданында биылғы жиын терін алқабы - 24 мың гектардан асады. Ондағы шаруалар ақ егісті аяқтап, күзге де қамдана бастаған.