Жасанды интеллектіге иек артатын заман алыс емес. 2030 жылға қарай, озық технологияны қолдану арқылы жаһандық ішкі жалпы өнім 14%-ға артуы мүмкін. Көштен бізге де қалмау керек. Премьер-министр 5 жылда жасанды интеллекті арқылы жасалған өнімдер санын 5 есе өсіру керек,-деді. Сондықтан, үкімет отырысында тұжырымдама қабылданып, инфрақұрылым құру, деректерді өңдеу орталықтарын салу, суперкомпьютерді іске қосу үшін тіл моделін әзірлеу және Ұлттық жасанды интеллект платформасын ашу мәселесі пысықталды.