Бастысқа көмек жалғасуда. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығынан тағы бір жасақ көмек көрсету үшін Ақтөбе облысына аттанды.

Тараздан Шәкір Жексембаев атындағы радиациялық химиялық және биологиялық қорғау батальоны жолға шықты. Оның құрамында-50 әскери қызметші және 17 бірлік әскери техника бар.