Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен Тараз қаласында «Белсенді ұзақ өмір орталығы» ашылды. Онда қарттар мен зейнеткерлерді қолдау, оларға рухани-әлеуметтік көмек көрсету басты бағыт болмақ.

Ардагерлер мен зейнет жасындағы азаматтармен жұмыс жасайтын орталық Тараз қаласында тұңғыш рет бой көтерді. Ең бастысы түрлі тренингтер тегін көрінеді.