Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі таратты деген күдікпен 24 жастағы Ақтаулық азамат ұсталды. Оның тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде ұнтақ тәрізді консистенциялық заты бар буылған орамдар тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, ол жалпы салмағы 214,9 гр құрайтын «А-PVP» синтетикалық есірткі заты болып анықталған.