Жамбыл облысында Өңірлік кадр резерві құрылады. Іріктеуді облыстың кадр комиссиясы жүзеге асырады.
Оған жоғары білімі және кемінде үш жыл еңбек өтілі бар 35 жастан аспаған ҚР азаматтары қатыса алады. Осы сынды білімі жетік, ойы озық кадр даярлауда қойылатын басты талап аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев өткізген жиында баяндалды.