Шу ауданында орналасқан «Жайсан» кенішінде 2 адам қаза тапты. «Қазақмыс» компаниясының қос қызметкеріне тау-кен жұмыстарын жүргізу барысында тау жыныстары құлап, ауыр жарақат салдарынан бақұл болған. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қайғылы оқиғаның себеп салдарын тексеру барысын жеке қадағалауға алды.