Халық үніне құлақ асатын мемлекет құрудың тиімді құралы болатын – «Әкімшілік әділет» Қазақстанда екі жылдан астам жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында облыс соттары 2 мыңнан астам әкімшілік істі қараған.
Сондай-ақ, 2 жарым жылда әкімшілік органдардың қызметінде не өзгерді? Олар өз жұмысын Кодекстің жаңа ережелері бойынша қайта құрды ма? Қандай жетістіктерге қол жеткіздік? Осы сынды бірқатар сұрақтар бүгін облыс әкімі қатысқан арнайы жиында кеңінен талқыланды.