Ақылдың мөлшерімен, есептің өлшемін таразылайтын ұлттық ойынымыздың бірі тоғыз құмалақ. Біле бісеңіз төрт мың жыл тарихы бар төл ойынымыздың төрткүл әлемге танылуына Тараздық азаматтар түрткі болған.

Мәселен: тоғыз құмалақтың тақтайшасын Жамбыл спортының ардагерлері Серікбай Тілеубаев пен Әбілдә Ақшораев ойлап тапса, Асқар Шалов алаңдағы тоғыз құмалақтың негізін қалаған екен.