18-19 қараша күндері Жамбыл облысына еліміздің Халық қаһармандары мен Еңбек ерлері арнайы жұмыс сапарымен келмек. Онда жоспарға сәйкес көптеген кездесулер өткізеді. Атап айтсақ, облыстық Сармолдаев балалар үйінің тәрбиеленушілерімен, ҚХА мүшелерімен, спортшылармен және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының офицерлер құрамы, әскери борышын өтеп жүрген сарбаздармен кездеседі.

Аталған іс- сапар барысындағы жоспарлары жайында бүгін Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз жиынында баян етті.