Автомобиль жолдары - қаланың күре тамыры іспетті. Көлік қозғалысы жақсы болуы үшін, жолдардың сапасы да жақсы болуы шарт. Сондықтан Тараз қаласының әкімдігі шаһардағы барлық көшелердің жағдайын зерделеп, кем-кетіктерді жөндеуге мемлекеттік бюджеттен қаржы қарастыруда.
Алайда, Аққозиев - Балуан Шолақ - Жібек Жолы көшелеріндегі жол төселімі қалай жүргізілуде? Аталған учаскедегі жолды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?