Меркі ауданында аудандық архив пен аудандық балалар кітапханасында архив құжаттамалардың маңызы жайцын үлкен отырыс өтті. Алдымен, мектеп оқушылары мен студенттері Меркі аудандық мемлекеттік архивіне экскурсия жасады. Онда архив қызметкерлері Меркінің аудан болып құрылған кезінен бері сақталған құнды қағаздардың түпнұсқаларымен, архивтегі құжаттарды қабылдау мен сақтау барысымен таныстырды. Сосын аудандық балалар кітапханасында «Архив және болашақ ұрпақ» жобасының аясында семинар кеңес өтті.