Жамбыл облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласының 48 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Күдіктінің үйінің аумағындағы бақшасын тінту шаралары барысында жалпы салмағы 24 келі 300 гр болатын "каннабис өсімдігінің" 24 бұтағы табылды.