Жамбыл облысының тұрғыны 6 жыл бойы баласына алимент төлемеген. Осыған қатысты қылмыстық іс басталған. Полицияға облыстың 37 жастағы тұрғынына қатысты аудан прокуратурасынан оны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы материал келіп түскен. Басты себеп, 2017 жылдан бастап ер адам өзінің кәмелетке толмаған баласын асырауға алимент төлеу жөніндегі міндетін атқармаған.