«Қасірет пен қасиет» Осындай тақырыппен «Анаға тағзым» орталығы жас ақындар мүшәйрасын жариялаған еді. Ақындар сайысы 30 жылдардағы нәубеттің ағы мен қарасын жырлауға арналған.

Ақындар қазақ даласын қасірет жайлаған сол кезеңдегі қасиетін жоғалтпаған аналардың шеккен азабын, тартқан тақсіретін өлеңмен өріп, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуге тырысты.