Ақжолтай жаңалық. Облыс орталығына су жаңа 10 бірлік автобус жеткізілді. Қоғамдық көліктің жетіспеуі мәселесі өршіп тұрған сәтте мұндай хабар Тараздықтарды қуантып отыр.

Бұған дейін қала әкімі биыл 70 жаңа автобус сатып алынады деген жоспарымен бөліскен еді. Таңертең көпшіліктің игілігіне пайдалануға берілген көліктер орталық алаңнан өз жұмысын бастады.