Биыл мақта бағасы жоғары болады деген болжам ақталмады. Тиісінше, зауытқа өнімдерін өткізген дихандар әлі күнге дейін ақшасын ала алмай жүр. Үкімет отырысына келген Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бұл проблема шешіледі деп уәде берді.