Жамбыл ауданы Мәтібұлақ полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының «Өзара іс-қимыл», «Іздеу» және «Эшелон» оқу-жаттығулары өткізілуде. Оқу-жаттығулардың ашылу салтанатына Ұжымдық Қауіпсіздік шарты ұйымы Бас хатшысының орынбасары Тахир Хайруллоев, Ұйымның Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров, ұйымға мүше елдер мен қарулы күштердің өкілдері қатысты.