Аяз атаға хат жаз!

Жаңа жыл бұл армандардың орындалар шағы! Осы орайда  қаламыздағы Сарымолдаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері жаңажылдық «Аяз атаға хат жаз» акциясы аясында көптен күткен сыйлықтарын қолдарына алды. Бұл науқанды «Қазпочта» АҚ-ның  Жамбыл облыстық филиалы ұйымдастырған екен. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. «Аяз атаға хат жаз» акциясы жыл сайынғы дәстүрге айналған шара. Бұл науқан балаларға тек сыйлықтар әкеліп қана қоймай, сондай-ақ жаңа жылдық көңіл-күй, таңғажайыптың барына сендіреді.  Қазпочта қызметкерлері ,міне ,осымен екінші жыл осы шараны жалғастырып келеді. Алдағы уақытта да қолға алмақ ниетте.

Назима Әбдекова

«Қазпочта» АҚ Жамбыл облыстық филиалының маркетологы\биыл да осы біздің Жамбыл облысы бойынша 100 баладан астам бала хат жазыпты. Оның ішінде 45-і осы Сарымолдаев балалар үйінен. Біз енді балалардың барлық тілектерін орындауға тырыстық. Жан-жақтан демеушілер де көмектесті. Сонымен осы балалар үйінің мұғалімдер ен тәрбиешілері мен бірге, осындай мереке ұйымдастырдық \

Аяз атаға 45 бүлдіршін хат жазған екен. Олардың жасы 6 мен 12 жас аралығында . Біреулері самокат сұраса, енді бірі Аяз атадан роликтер әкелуін жазыпты. Ақ сақалды мейірімді атаға балдырғандар алғыс ретінде әдемі тақпақтары мен көңілді әндерін шырқап берді.

Таня Жұмағазиева

 Тәрбиеленуші \мен сіздерді жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Біз Аяз атаға хат жазғанбыз. Ол біздің хатымызды оқып, көптеген сыйлықтар әкелді. Ата-апаларымызға алғысымыз шексіз. Және де біздің балалар өте қуанышты\

Жаңа жыл бала арманның орындалар кезі. Бүгін сол періштелердің қиялы шындыққа айналды. Ғажайып ата мүмкіндігінше балалардың тілегін қанағаттандырды.