28- маусым БАҚ қызметкерлері күніне орай мерекелік марапаттау рәсімі жалғасуда. Мемлекет пен қоғам арасында алтын көпір болып, қашан да қайнаған тіршілік ортасында жүретін журналистер қауымын бүгін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев құттықтады. Аймақ журналистерінің басын қосып, атаулы күнде құрмет көрсетіп, алғысқа бөледі.