Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Минск қаласына жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және Еуразиялық экономикалық форумға қатысады. Іс-шаралар барысында интеграциялық бірлестік аясындағы өзекті мәселелер талқыланып, мемлекеттер басшылары бірқатар экономикалық және сауда-саттық бағыттарын пысықтайды.