Жамбылда жасалған домбыраны париждіктер қалап алды. Францияға кәдесый ретінде жіберілген қазақтың қасиетті аспабы өзіміздің жамбылдық азаматтың қолынан шыққан. Бұл кәсіппен айналысқанына 4 жылға жуықтаған Алмастың жасаған бұйымдарына қазірдің өзінде сұраныс көп.