Бүгін кезекті әдеп отырысы өтті. Су жаңа төрағаның қатысуымен өткен жиында жеті іс қаралды. Оның үшеуі профилактикалық іс-шараларға қатысты. Нақтырақ басқосу барысында субсидиялауды кезексіз жүргізген комиссия мүшелерінің мәселесі, мәдени жәдігелердің өзге елге жөнелтілуі мен сыбайлас жемқорлыққа қатысты профилактикалық жұмыстар нәтижесі тыңдалды.