Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы борышты өтеу әрбір ер азаматтың міндеті. Себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – перзенттік парыз. Әскерге барып, ел алдында берген антын абыроймен атқарып жүрген Михаил Царев осылай дейді. Былтыр көктемде әскер қатарына шақырылып, Алматыда армияда болған ол өз отбасына аман-есен оралды.