Қазір шығармашылықты табыс көзіне айналдыруға мүмкіндік көп. Соның бірі – киім мен тұрмыстық бұйымдарға авторлық принт жасау. Бұл бағыт ауыл жастары арасында да кеңінен тарала бастады. Меркі ауданында тұратын Данияр Адамбаев- осы кәсіппен айналысып, табыс табуда. Ол отбасымен бірге креативті кәсіптің көшін бастап отыр.