Таразда Халықаралық бокс турнирі мәреге жетті. 2007–2014 жылдары туған 200-ден астам спортшы қатысқан жарыс Жамбылдық былғары қолғап шеберлерінің сенімді жеңісімен аяқталды. Бұл додаға Өзбекстан, Қарақалпақстаннан және Қырғыз елдерінен және Қазақстанның әр өңірінен жас боксшылар қатысты. Жарыс спортшылар үшін тәжірибе алмасуға, өз шеберліктерін шыңдауға таптырмас мүмкіндік болды.