Енді Таразда эко таксилер қатынайды. Бүгін түтіні будақтап, қоршаған ортаға зиян тигізбейтін электротаксилердің таныстырылымы өтті. Әзірге таксопарке алғашқы лек ретінде экокөліктердің 20 данасы сатып алынған. Оған шамамен 200 млн теңге жұмсалыпты.