Өңірлік Ассамблеяның стратегиялық бағдарының басты негіздері бүгін 28-ші сессияда талданды. «Елдің бірлігі – мемлекеттің тірегі» тақырыбында өткен алқалы жиынға қатысқан қоғам өкілдері, этномәдени бірлестік мүшелері достық қарым-қатынасты ары қарай нығайту тетіктерін талқылап, өңірдегі іргелі институттың жұмысын жандандыру жолдарын қарастырды.