Мемлекеттік бюджетке ағымдағы жылдың басынан бастап 113 млрд теңге кіріс түскен. Ал жергілікті бюджетке 87,1 млрд теңге түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,4 млрд теңгеге немесе 18,2%-ға артық. Қазынаға қосымша түсім көздерін анықтау мақсатында облыс әкімімен 2025 жылға арналған уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл бойынша «Жол картасы» бекітілген.
Бүгінде аудан және қала әкімдіктері тарапынан салық салу базасын кеңейту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Жол картасы аясында уәкілетті мемлекеттік органдар тиісті деректерді ұсынуда. Ал аймақтағы салық төлеушілердің берешегі 10,6 млрд теңгені құрайды.