Көрнекті журналист, жазушы Бекет Момынқұлдың жаңа кітабы жарыққа шықты. «Момышұлы әлемі» атты кітаптың тұсаукесері қоғам қайраткерінің 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған рухани кеште өтті. Өңірдің зиялы қауымы, қаламгердің шәкірттері мен өзге де қонақтардың қатысуымен болған кездесуде Бекет Әбілдаұлымен сырлы сұқбат өрбіп, оның журналистика саласында сіңірген еңбектері айтылды.