Мойынқұм ауданында шахматтан Жамбыл облысының Кубогы жолындағы жарыстың алғашқы кезеңі өтті. Шара ауданның 60 жылдық мерейтойымен орайласа өтіп, өңірдің түкпір-түкпірінен жиналған жүзге жуық шахматшыны бір алаңға тоғыстырды. Жарыс барысында жасөспірімдер мен тәжірибелі ойыншылар тартысты партиялар ұсынып, әр қатысушы жүлде үшін жанын салды.