Байзақ ауданы аумағында өкілеттілік мерзімдерінің аяқталуына байланысты бірқатар ауылдарда әкімдердің сайлауы өтті. Бұл саяси науқан жергілікті тұрғындардың ауылдық округтің дамуына белсенді қатысуына және өңір басшылығын таңдауда азаматтық ұстанымдарын білдіруге мүмкіндік берді. Алғаш болып келген сайлаушыға учаскелік комиссиясы тарапынан сыйлықтар да берілді.