Меркі ауданында жастар мен кәсіпкерлер арасында мазмұнды әрі тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Бұл биылғы жылдың — «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануына орай өткізіліп отырған шара.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек, әртүрлі салада еңбек етіп жүрген жеке кәсіпкерлер мен аудан жастары қатысты.