«Әке — асқар тау». Осындай тақырыпта Таразда әкелер арасында ұлттық спорт сайысы өтті. Әке мен бала арасындағы рухани байланысты нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мақсат ететін жарысқа 22 әке қатысып, түрлі ұлттық ойын түрлерінен бақ сынасты.