Жамбыл облысында биыл ауыл шаруашылығы санағын өткізуге дайындық жұмыстары басталды. Осыған орай, жануарларды бірдейлендіру жұмыстары қарқын алды. Сиыр, ешкі, қой, түйе сияқты малдар мемлекет есебінен тегін бірдейлендіру жалғаспақ. Жылқыларды чиптеу иесінің есебінен жүзеге асырылады. Бұрын бұл қызметтің құны 1 200 теңгені құраған. Бүгінде баға біршама төмендеді. Шаруалар таңбалаудың электрондық тәсілін қолдады.