«Тәртіп алды –еңбек, бала тәрбиесі - міндет». Таразда осындай тақырыппен облыстық форум өтті. Ел Президентінің «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде ұйымдастырылған алқалы жиында қоғамдағы жастар мәселесі қаузалды. Сондай-ақ, форум аясында білім беру ұйымдары, кәсіпкерлік орта және инвесторлар арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға арналған нақты бастамалар мен ұсыныстар ортаға салынды.