Жамбыл облысында жол-көлік оқиғасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,8 пайызға өскен. Өңірде орын алған 715 жол апатынан 1187 адам зардап шегіп отыр. Статистика көңіл көншітпейді, бірақ бақытсыз жағдайларды азайту бағытындағы профилактикалық жұмыстар толастап жатқан жоқ. Бүгін де құзырлы органдар бірлесіп, жол бойында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.